Спорт

Жерлесіміз Иван Аржаников Әлем Чемпионатында конькимен жүгіру спортынан жүлделі оралды

Жалпы басты жүлдеге әлемнің 14 елінен 25-ке дейінгі жастар таласқан болатын. Жерлесіміз 30-ға жуық конькишіні артта қалдырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Беларусия елінің астанасында өткен байрақты додаға Қазақстан құрамасын жаттықтырушы Дмитрий Бабенко баптап апарды. Чемпионат қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер командасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальға қол жеткізді. Айта кету керек, өткен жылдармен салыстырғанда, бұл жолы ел құрамасының ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізді.

Молдир Макишева