Қоғам

Петропавлдағы Былғары зауыты ауданында алғаш рет әз Наурыз кең көлемде аталып өтілді

Ұйымдастырушылар мерекені тойлауға келген кент тұрғындарының көңілінен шығуға тырысты. Балалар өздері қалаған ермегін тауып, жылқы мен пониге салт мініп, маңайда серуендеді. Басқалары болса алтыбақан тепті.

–  Мұнда барлығы жақсы өтуде. Маған ұнады. Дартс ойнадым, алтыбақан тептім.

– Біз отбасымызбен Ресейдің Екатеринбург қаласынан туыстарымызға қонаққа келдік. Наурыз мейрамын алғаш көруім. Қазақстанда қонақжай, жайдарлы жүзді адамдар көп тұрады екен. Соны аңғардым. Маған мереке ұнады. Енді жыл сайын осы елге келу ойымда бар.

Наурыз меркесінде ересектерге де ермек табылды. Жігіттер гір тасын көтерді. Бойжеткендер де ұлдардан қалыспай қол күрестіріп, бақтарын сынады. Ойынға қатысушыларға ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар дайындапты.

Мерекеге ортақтасқан халықтың қарасы қалың. Оларға бірнеше шатыр мен киіз үйлерде дастархандар жайылған. Палау, ет, сүт өнімдері мен тәттілер. Бұл күні әркім қалаған тағамынан ауыз тиді. Қыз-келіншектер келушіге бауырсақ таратып, қымыз ұсынды.

Алмара Әшімова – СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының инспекторы:

– Дастарханға қыстан қалған сүр ет, қымыз, қоспа сынды тағамдар қойылды. Ақ мол болсын деген ниетпен сүттен жасалған асқа басымдықбердік.

Облыстық ІІД ЖПҚ аға инспекторы Қайсар Қанапин де бүгін асқа жауапты.

Қайсар Қанапин – СҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы:


– 2 табақ жылқының етін әкеліп, пісіріп жатырмын. Осында келген халықтың көңілінен шығамыз. Осылай бір-бірімізді қонаққа шықырып, игі тілектер айту қажет. Мерекенің мәні осыда.

Жерлестеріміз өзбек палауынан да дәм татты. Оның бабында қайнап, дайындалуына Бахром Исраилов жауапты. Палауды әзірлеуде өз құпияларым бар дейді ол.

Бахром Исраилов – СҚО ІІД аудармашысы:


– 100 келі өзбек палауын пісірудемін. Бұл шашамен 1 400 адамға жетеді. Тағамға ет, сәбіз, сарымсақ, мейіз қостым. Оны әзірлеуге шамамен 5 сағат уақыт жұмсалады. Бұл тағамды түрлі мерекелерде, туған күндерде пісіремін.

Ал киіз үйлердің ішінде көрермендерге арналып тақырыптық қойылымдар әзірленген. Мысалы, мына жерде қазақтың мәртебелі салт-дәстүрлерінің бірі – құда түсу рәсімі көрсетілді. Кейуаналар жас келінің құлағына сырға салып, батасын берді.

Бұдан бөлек, Былғары зауыты ауданының тұрғындарына саятшылық өнері жайлы мағлұмат беріліп, қазақтың құмай тазылары көрсетілді. Әсіресе, балалар қаумалап, ит-құстың маңынан шықпай қойды. Бұл 10 айлық тазыларды саятшылар жарты жылдан кейін аңға салады екен. Мерекеге жиналғандар бүркітті де көре алды. Құсбегі Байрақ Тастанбеков атадан қалған кәсіпті көзінің қарашығындай сақтап, оны өзгелерге өнеге етіп жүр. Бүгінгі меркеге балапан кезінен баптаған бүркітін әкелген.

Байрақ Тастанбеков – құсбегі:


– Бүркіт екіде, жазда үшке толады. Әзірге қоян аулап жүр.Түлкіге салған жоқпын. Бүркіттердің арасында жүректісі бар. Олар жыртқыш аңдарға қорықпай шабады.

Осы күні Наурыз мейрамын тамашалаушыларға шынымен барлық есік ашық болды. Мына киіз үйді ІІД штабы мен жедел басқару басқармасы бірлесіп тіккен. Ішіне кірсең, тарих тұңғиығына сүңгисің. Мұнда бас сұққанның әр бірі өзімен сарқытты да ала кетті. Шуақты мереке бұл күні өңірімізді мекен еткен сан ұлттың басын қосты. Кеше ғана түнеріп тұрған ауа райы да жайылып, күн жадырап сала берді. Сәйкесінше, көктемнің басты мейрамын тойлауға келген халықтың да көңілі шат-шадыман.

– Наурыз мейрамы құтты болсын. Бұл күні адамдар бұрынғы өкпе-реніштерін ұмытып, біріне-бірі денсаулық, бақыт тілейді. Мен осы шуақты мерекені туғандарыммен, дос-жаран, көршілеріммен қарсы аламын. Үйде мол дастархан жайып, бәрәміш әзірлеймін. Жақындарыма сыйлықтар үлестіремін. Отбасымызбен наурызды асыға күтеміз.

–  Осындай мерекені ұйымдастырғандарға алғысымды айтамын. Көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Ұлттық тағам түрлерінен дәм таттық. Барша жерлестерімізді Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Әр істе табыс, отбасында береке мен молшылық болсын!

– Былғары зауыты ауданында осындай ауқымдағы мерекенің өткізілуін бірінші рет көруім. Бірлігіміз мығым болсын! Елге, әлемге тыныштық тілеймін. Бәріне көңілім толды. Ұйымдастырушылар мен тәртіп сақшыларына үлкен рақмет.

Тәтті-дәмдіден ауыз тиіп, жүрек жалғаған кент тұрғындары ІІД шығармашылық ұжымы әзірлеген концерті тамашалады.

Былғары зауыты ауданында алғаш рет өткен әз Наурыз мерекесін облыс әкімі де тамашалады.

Құмар Ақсақалов жергілікті тұрғындарды ұлық мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Құмар Ақсақалов ((Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Баршаңызға жаңа жылда денсаулық, отбасында береке, еңбекте табыс тілеймін. Ең бастысы елімізде тыныштық, мызғымас береке болсын. Бір-бірлеріңізді құрметтеп, сыйлаңыздар.

Наурыздың 22-сі дәл осында мерекені Петропавл қалалық ІІБ ұжымы жалғайды.

Берік Қасен