Балалар

Студенттер әз Наурыз мерекесіне арнап флешмоб өткізді

Сөйтіп қыздар мен ұлдар ұлттық бидің – сырға, толқын, тұмарша, буын сынды қол элементтерін көрсетті. Осы өнер түрінің адамды тәрбиелеу жұмысында маңызы зор дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан, олар осындай бұқаралық шара өткізуді жөн санапты.

Дархан Теміртас – СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының сектор нұсқаушысы:


– Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырылған флешмобқа колледж, университет студентері және шығармашылық ұжымдар атсалысты. Осы шара арқылы жастар ұлттық мерекені тойлауда барысындағы өз белсенділіктерін көрсетті.

Байболат Бектемірұлы