Қоғам

“Богатырский продукт”ЖШС акциясының алғашқы жеңімпаздарын анықтады

Бірер сәттен соң олар шәйнек, шаңсорғыш, мультипісіргіш сынды сыйлықтарға ие болмақ. Алайда, бұл – компания тұтынушылары үшін дайындалған жалғыз ұтыс емес. Келушілер өздерінің аты-жөні жазылған қағаздарды жәшікке салып, сәттіліктерін тағы бір мәрте сынамақ. Жалпы, акция бір ай бұрын ғана басталыпты. Осы аралықта компания сыйлықтарының алғашқы иелері анықталып үлгерген.

Жеңімпаздардың бірі – Сәуле Сексенбаева. Қала тұрғыны ұтысын алып кетуге немересімен бірге келіпті. Себебі, нағыз жеңімпаз – шекілдеуік қаптамасынан сыйлық туралы қағазды тауып алған 11 жастағы Ернұр.

Сәуле Сексенбаева:


–  Бұл шекілдеуіктерді отбасымызбен жақсы көреміз. Өте дәмді. Бұл біздің сатып алған 22-шісі. Дәл осыдан да сыйлығымыз шықты. 0-25 Ұтып алғанымыз-шәйнек. Қуаныштымыз.

Светлана Стацюк болса, нағыз қыз-келіншектерге арналған сыйлықтың иесі атанды. Нәзікжанды үй шаруасында таптырмас құрал – мультипісіргіш ұтып алған. Бұл оның осы сынды акциялардағы алғашқы жеңісі. Енді отбасыма түрлі тағамдарды әмбебап ас әзірлегіштің көмегімен дайындаймын дейді ол.

Светлана Стацюк:


–  Бүгінгі ұтысыма өте қуаныштымын. Богатырский продукт өнімдерінен шекілдеуік пен тұшпараны жиі алып тұрамыз. Қайсысының болса да сапасы жақсы. Үйдегілеріме қатты ұнайды.

Басты сыйлықты табыстайтын сәт те жетті. Су жаңа телевизордың иесі – Галина Придворная. Нәзікжанды кәсіпорынның ең белсенді тұтынушысы екен. Зейнеткер дәмі тіл үйіретін тұшпара, кеспе мен немерелеріне тәтті тоқаш жасауға қажетті ұнға дейін осы компаниядан алады екен. Жеңімпаздың сөзінше, осы уақытқа дейін компания өнімдерінің сапасы сыр берген емес.

Галина Придворная:


–  “Богатырский продукт” серіктестігінің барлық өнімдері ұнайды. Әсіресе, макарон, ұн, кеспе мен шекілдеуігін жиі аламыз. Тұшпарасы үйде дайындалғаннан кем емес. Немерем сүйіп жейді. Суда жақсы піседі. Бұған қоса, солтүстікқазақстандық өнім болғасын, қолдау көрсету қажет.

Осындай сыйлықтардың иесі атану үшін бар болғаны “Богатырский продукт” компаниясының шекілдеуіктерін сатып алу қажет. Олардың қаптамасына бір ай бұрын 500 купон қағаз салынған. Бүгінде ұтыстардың тек бір бөлігі ғана өз иелерін тауыпты.

Евгений Бородин – «Богатырский продукт» ЖШС сауда-саттық бөлімінің басшысы:

 


–  «777» шекілдеуігі сыйлық береді» акциясын осымен 5ші жыл қатарынан ұйымдастыруда. Осы аралықта 1000-ға жуық тұрмыстық техника мен бір миллионнан астам өзіміздің өнімдерімізді сыйға тарттық. Акцияны компания тек Петропавлда ғана емес, Қазақстанның өзге қалаларында да ұйымдастыруда.
Шараны алдағы уақытта да дәстүрлі түрде өткізетін боламыз.

Кезек екінші ұтысқа да келіп жетті. Жеңімпаздарға компанияның тәтті торттары сыйға тартылды. Тағы барлық меймандар серіктестіктің өнімін тегін алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды иеленді.

Эльмира Сәдуақасова