Білім

Наурыз мерекесін мектеп оқушылары кең көлемде атап өтті

Мына жердегі қазақ халқының ұлттық тағамдарының алуан түрін мектеп оқушылары мен ата-аналары бірлесе дайындап әкелген.

Сәния Төрехан – № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы:

– Дастарқанымызда көп тағамдар бар. 03-32Біз наурыз көже дайындап осы көжені ішіп отырмыз.

Ұлық мейрамға орайластырылған шарада ән мен жырдан да шашу шашылды. Әсіресе, домбыраның қоңыр да кербез үні келушілерді ерекше сезімге бөледі.

Ал балалар жағының көңілі ұлттық ойындарға ауды. Мысалға мына алаңда мектеп оқушыларының бір тобы “Бес асық” ойынын ерекше ынта-жігермен ойнауда.

Елдос Оразбай – № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің оқушысы:

– Мен осы ойынды 2 жылдай ойнаймын. Өте қызықты ойын. Көңілді ойын. Мұны кішкентай да, үлкендер де ойнай алады. Қазір барлығы телефонмен көп ойнайды.

Осылайша, Әз Наурыз мерекесіне 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің ұжымы тыңғылықты дайындалыпты.

Алмагүл Мәкішова – № 8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінің мұғалімі:

 

– Біздің мектепте көрме ұйымдастырылды. Және оқушы мен мұғалімдердің қатысуымен ұлттық ойындар өткізіліп жатыр. 01-20Дасттарқан мол яғни Наурызға қатысты ырыс пен ақ мол болсын деген үстел толып тұр. Мектебіміз Наурызды қалай қарсы алу керектігін көрсетіп жатыр.

Ұлық мерекеде әр ұлт өкілдері бір-біріне игі тілектерін жеткізіп, мейрамның ұлттар достығын арттырудағы маңызын жете түсініп тарқасты.

Бахыт Садвокасов