МТРА жаңалықтары

Кәсібін ашып, нәсібін табамын деушілерге қолдау

Іскер нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 2,5 млн теңге көлемінде қаржы алыпты. Оның 250 мыңын жем-шөпке жұмсаса, қалғаны 15 бас сиыр алуға жеткен.

Жасұлан Ботаев – «Ботаев» ЖК директоры:


–  Осындай мемлекеттік бағдарламалар кішігірім кәсіп ашамын деушілерге үлкен қолғабыс. Несиені жылдық 6 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлейтін боламын. Оны 5 жылда өтеуім қажет. Бұдан кейін осы бағдарлама аясында тағы микрокредит алуға мүмкіндігім бар. Болашақта ісімді кеңейткім келеді.

6 ай ішінде сиырлардың салмағы 200 келіден асады екен. Ірі қараның бір бөлігін іскер азамат қаңтар айында өткізіп үлгеріпті. Алайда, бұл Жасұлан Ботаевтың айналысатын жалғыз кәсібі емес.

Эльмира Сәдуақасова:


– Тағы кәсіпкер қоян өсірумен де айналысады екен. Бүгінде олардың саны 50-ге дейін жеткен. Сүйкімді көжектердің тиісті салмақ жинауы үшін шамамен жарты жылдай уақыт қажет.

Жалпы, Қызылжар ауданы бойынша нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 45 адамға микронесие берілген.

Элик Тлеумбетов – Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы:

 

– Былтыр қызылжарлықтарға 196 млн. 106 мың теңгені құрайтын несие берілді. Іскер азаматтардың басым бөлігі мал және құс шаруашылығымен айналысуды жөн санайды. Осы бағыт бойынша 37 адамды қаржыландырдық. Қалғандары халыққа қызмет көрсету саласын таңдады.

Жалпы бүгінде кәсібін ашып, нәсібін табамын деушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау зор. Бұл сала Елбасының жуырда қазақстандықтарға арнаған 5 бастамасының бірі ретінде ерекше назарға алынды. Осылайша, биыл кіші кәсіпті несиелендіруге бюджеттен қосымша 20 млрд. теңге бөлінетін болды.

Эльмира Сәдуақасова