Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел жиыны өтті

Ал өзге жағдайларда ерлі-зайыптылар екі жақты келісімге келген. Осындай құқық бұзушылақтардың алдын-алу мақсатында Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық филиалының өкілдері дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Жиынға теріскейлік полицейлер мен уақытша паналау орталығының өкілдері қатысты. Бүгінгі таңда қаламызда қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын беретін арнайы орталық жұмыс істейді. Аталмыш мекеме былтырғы жылдың тамыз айында ашылған. 20 адамға шақталған орталықта әйелдерге тәжірибелі психологтар кеңес береді. Жәбір көрген нәзік жандылар бұл мекемеде 6 айға дейін алаңсыз тұра алады. Бүгінде орталықты 23 әйел паналауда.

Алина Орлова – Уақытша паналау орталығының басшысы:

– Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылық. Бұл тұрмыстық жағдайға нәзік жандылар жиі ұшырайды. Біздің мекемеге күйеулерінен жәбір көрген әйелдер келе алады. Жалпы әр ай сайын уақытша паналау орталығына 30 нәзік жанды жүгінеді.

Мағжан Ахмадина