Қоғам

Теріскейліктер Наурыз мейрамына қызу дайындалуда

Бұл жерде майрамға орай 7 киіз үй тігіліпті. Олардың әрқайсысы өзіндік тақырып бойынша безендірілуде. Мәселен, Наурыз мерекесінде мына ұлттық қоныста қазақ халқының қару-жарағы көрсетілмек. Осы жерге келген ағайын ата-бабамыз аң аулауда қолданған сауыт-саймандармен таныса алады.

Әсемгүл Қыдбекова – «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені директорының орынбасары:

– Ата-бабамыз найзаның көмегімемен ірі аңдарды аулаған. Және бұл жерде аң аулап жатқан қыран құстың макеті де қойылған.

Тағы, Ұлыстың ұлы күнінде бұл киіз үйде шебер күре сауыт тоқымақ. Келушілер атадан балаға мирас болып қалған жауынгерлік киімді әзірлеу тәсілдерін көретін болады. Ал, мына қоныс ішінде мейрамның лебі бүгіннен сезіліп тұр. Мұнда дастархан жайылыпты. Жерлестеріміз орталықты аралап жүргендерге қымыз ұсынуда. Ал наурыздың 21-інде мұнда некесі қиылған бойжеткен келін болып түспек.

Гауһар Темірбаева – Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері:


–  Осы жерде келіннің бетін ашамыз. Киіз үйде құдалар болады. Оларға құйрықбауыр асатылады.

Ал басқа киіз үйлерде көрермендер назарына музыкалық аспаптар, киім-кешек сияқты өзге де жәдігерлер ұсынылады.

 

Байболат Бектемірұлы