Қоғам

Сапасыз өнімге жол жоқ

Айнаш Сағандықова – СҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекші маманы:

– Әр адам азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың 5 қағидасын сақтаған жөн. Олар – тазалықты ұстану, жылумен өңделген азықтан шикісін бөлек сақтау, азық түлікке тиімді температураны қамтамасыз ету, шикі азық түлік пен судың қауіпсіз екеніне көз жеткізген соң ғана тұтыну керек. Сонымен қатар, тағамды сатып алғанда оның сапасына, құрамына мән берген жөн.

Дәл қазір 6 бірдей зертханашы арнайы құрылғыда жерлестерімізден жеткізілген тағамдар мен өнімдерге сараптама жүргізуде. Мына “Хайлайт” аппараты бірнеше секундтың ішінде сүт және шұжық құрамын анықтап беруге қауқарлы.

Құралай Мәкенова – “Ұлттық сараптау орталығы” өңірлік филиалының дәрігер-бактериологы:

– Мұның артықшылығы – осындай жерлерде тұрғындардың сұрақ-жауаптарына, әкелген өнімдерін тексеру және нәтижесін қолдарына береміз. Сол арада біз нормадан артық немесе кем екендіктерін айтамыз. Біз оларға қандай өнім таңдау керектігіне көмек береміз.01-10Шұжықққа көңіл бөлінді, олардың бәрі талапқа сәйкес келді. Үй қаймағы да нормаға сай келді.

Өнімнің талапқа сай екендігіне көз жеткізу үшін, зертханаға ағылғандардың қарасы аз болмады. “Сақтықта қорлық жоқ” деген қағиданы елеп-ескерген петропавлдық Галина Иванова, сатып алған шошқа етін де тексертуде.

Галина Иванова – қала тұрғыны:

– Базардан жаңа сойылған шошқа етін сатып алдым. Науқанның арқасында күнделікті тұтынып жүрген өнімдерді бір тексеріп алуға болады. Өз басым бүлінген тағамдарға тап болмау үшін, саудагерден өнім жайында бар мәліметті сұрап аламын.

Үстіміздегі жылы жергілікті қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен “Ұлттық сараптау орталығының” қызметкерлері сапасыз азық-түлікті анықтауға бағытталған бірлескен 56 тексеріс шарасын өткізген. Абырой болғанда, олардың бірде-бірінде бүлінген тауар анықталмаған.

 

Бахыт Садвокасов