Қайырымдылық

Петропавлда Наурыз мейрамына орай қайырымдық ас берілді

Көктемнің жарқын мерекесіне орай әзірленген ұлттық тағамдардан ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен өңіріміздің құрметті азаматтары дәм татып, бір-бірімен қауышты. Ал, өңірдің жезтаңдай әншілері мен мың бұралған бишілері өз кезегінде жиылған жұртшылықтың көңілін көтеріп, оларға мерекелік концерт ұсынды.

Ермек Әбдірімов – Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігерінің орынбасары, Петропавл қаласының құрметті азаматы

Алдымызда келе жатқан наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Әрбір адамның көңілі көтеріліп, жаңа жыл басталғаннан кейін алдына жоспарлар қойып, соның арқасында бізді жинап жатыр. Соған рахмет.

Тогжан Акмагамбетова