Қоғам

Еңбек Кодексін бұзғандар

Ал өңірдегі 16 кәсіпорын еңбеккерлерінің маңдай терімен тапқан жалақысын бермей келеді екен. Олардың қызметкерлері алдындағы қарызы – 49, 1 млн теңгеге жеткен. Сөйтіп, 451 қызметкер бірнеше айдан бері тегін жұмыс істеп жүр.

Мейрамбек Ахметов – СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы:

– «Жаңа Есіл Феникс» серіктестігінің 101 қызметкері алдандағы берешегі – 12 млн теңге, «Бескөл тұқым станциясы» кәсіпорынының 18 еңбеккері алдандағы берешегі – 3,4 млн теңге. «ДК өндірістік кешен» кәсіпорыны 25 еңбеккеріне 2,4 млн теңге қарыз, ал «Мамлюское 1» кәсіпорыныың 23 жұмысшысы – 1,2 млн теңгелерін ала алмай жүр. Тағы «Агрофирма Эксимнан» серіктесгінің 31 қызметкері алдындағы қарызы – 3,5 млн теңгені құрайды. Жалақы бермей жүрген барлық 16 мекеменің басшысы әкімшілік жаупкершілікке тартылды. Олардан қарызды қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жоғарыда аталған кәсіпорындар үстіміздегі жылдың басынан жалақы бермей келсе, «Николаевский Нан қабылдау пункті» мен «Қайранкөл Астық» кәсіпорындарының 2016 жылдан бері жиналып қалған қарыздары бар. Алғашқы серіктестіктің 25 қызметкері алдындағы қарызы 3,4 млн теңге болса, Қайранкөл астық мекемесінің 39 жұмысшысы – 2,1 млн теңге жалақыларын күні бүгінге дейін күтіп жүр. Бұдан бөлек жұмысында жүріп жарақат алғандар да бар. Еңбек инспекторлары 2018 жылдың 2 айында осындай 13 фактіге қатысты тергеуді аяқтапты.

Мейрамбек Ахметов – СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы

– Нәтижесінде 13 адам зардап шексе, екі жағдайда адам өлімі тіркелді. Ондай оқиғалар облыс орталығындағы «СевКазЭнергострой» серіктестігі мен Жамбыл ауданындағы «Алисарай» кәсіпорындарында орын алды. Тағы жұмысында жүріп алты адам ауыр, ал 3 жұмысшы орта деңгейдегі жарақат алған. Қалған екі жағдайда еңбекерлердың алған зардабы жеңіл болып саналады.

Мамандар оқыс оқиғалар тек құрылыс, зауыттарда ғана емес, кез келген мекемеде орын алуы мүмкін дейді. Тіпті көмек көрсетуге келген жандардың өздері зардап шегіп жататын көрінеді.

Мағжан Ахмадина – тілші:

 


– Сондай оқыс оқиғалардың бірі жедел жәрдем орталығында орын алыпты. Шақыртуға шаққан дәрігерді ем көрсетіп жатқан нашақор науқасы ұрып жіберген. Нәтижесінде көмек көрсетуге келген ақ халаттының өзі миы шайқалып, ауыр жағдайда едмеу мекемесіне түскен.

Мағжан Ахмадина