Қоғам

Биыл ҚР ҰҰ Әскери институтының құрылғанына 21 жыл

Кейін мерекеге жиналғандар алдында училище бастығы – Серікхан Әбселемов сөз алып, оқу орнының жетістіктерін тізіп шықты. Осы уақыт ішінде іргелі оқу орнынан түлектердің 17 легі қанат қаққан. Осылайша, ҰҰ-ға кадр даярлайтын еліміздегі бірегей институт республикамыздың қарулы күштеріне қажетті 3100 офицерді түлетсе, олардыың 252-сі оқуын үздік аяқтағандар. Бүгінде институт қабырғасын тәмамдаған курсанттар – еліміздің ҚК, ҰҰ-ы, өзге де әскери құрылымдарында табысты еңбек етіп келеді.

Серікхан Әбселемов – ҚР ҰҰ Әскери институтының басшысы:


– Институтты аяқтаған 40 лейтенант ҰҰ-ның Бас қолбасшылығында, 70-і өңірлік қолбасшылықтардың басқармаларында қызмет етсе, соның 4-уі қолбасшы орынбасарларының қызметін атқаруда. Тағы 18 офицер осы оқу орнында курсанттарға білім беріп жүр. Сондай-ақ, бізде оқып шыққан офицерлер Қорғаныс Министрлігінің әскери институттары мен Ресейдің үздік деген әскери оқу орындарында біліктіліктерін шыңдауда.

Осы күні институт басшысы Отанына қалтқысыз қызмет етіп жүрген бірқатар офицер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен курсанттарға мақтау қағаздарын табыстады. Әскери құрылымда білім алып жүргендердің бірі – Нұрсұлтан Жүсіп. ОҚО-ның тумасы осы 4 жыл ішінде әскери өмірдің ыстығы мен суығына әбден төселген.

Нұрсұлтан Жүсіп – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:

 


– Әскери қызметші болу – балалық арманым болатын. Мақсатыма жеттім десе де болады. Бұйыртса, 3 айдан соң алғашқы офицер шенін аламын.

Шара соңында жоғарғы әскери оқу орнының жеке құрамы саптық жүріспен жүріп өтті.

Бахыт Садвокасов