МТРА жаңалықтары

Теріскейліктер республикалық «Наурыз, қош келдің» акциясына өз үлестерін қосты

Акция аясында бүгін Абылай хан резиденциясы кешені мен Сити молл ойын сауық орталығында 120 теріскейлік ұл-қыз ұлттық нақыштағы костюм киіп, мың бұрала би биледі. Жастар шараға бар-жоғы 3 күн ішінде дайындалыпты.

Анель Сағандықова – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушысы:

 

– Мен Наурызға арналып дайындалған флешмобқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Себебі, бұл – мен үшін жауапты іс. Ұлыстың ұлы күні-барша халқымыз үшін ортақ мереке. Сондықтан, Қазақстандықтарды осы атаулы мерекемен құттықтаймын.

Эльмира Садвокасова