Қоғам

Петропавлда “Қыз сыны” байқауы өтті

Ақылына көркі сай бойжеткен сайыста М.Мақатаевтың “Аққулар ұйықтағанда” туындысынан алынған үзіндіні ерекше сезіммен оқып берді.

Жансая бұған дейін де мектеп қабырғасында осындай байқауларға қатысқан екен.

Тукен Жансая – “Қыз сыны” байқауының қатысушы:


– Осындай шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Байқау қазақ қыздарының инабаттылығын сипаттайды. Сондықтан осындай сайыстар көбірек ұйымдастырылса жақсы болар еді.

“Әжелер мектебі” мен Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі ұсынған тәрбиелік мәні зор шара қаламызда алғаш рет өтіп жатыр. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ал қыз бала ертеңгі ана. Сол себептен байқауды ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын қыздардың бойына сіңіруге үлес қосу үшін өткізудеміз дейді ұйымдастырушылар.

Күлімкөз Смайылова – Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы

– Бүгінгі сайыс 5 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең таныстыру, екінші кезең салт – дәстүр, әдет – ғұрып, жөн – жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру, үшінші кезеңде қыздар өнерлерін көрсетеді. Төртінші кезең тоқыма кезеңі. Байқауға 7 қыз қатысады.

Әз-Наурыз мерекесіне орайластырылған сынға 7 оқушы ат салысып, өнерлерін ортаға салды. Байқау қатысушыларына шағын сыйлақтар және дипломдар қарастырылған.

Дана  Ешкенова