Қоғам

Аула тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауға әзірлікті бастап кетті

Василий Ротарь – “Строитель” ТК төрағасы:


– Облыс және қала әкімдігінің ұсынысы бойынша аула тұрғындары алғаш рет Наурыз мерекесін атап өтпекші. Біз қазір балалар ойнайтын алаңқайды алдағы шараға орай реттеп, қалыпқа келтірудеміз. Қыстан қалған қоқыстарды жинастырып, мұз басқан жер қабатына құм сеуіп жатырмыз. Енді бізге ұлттық тағамдар қоюға арналған үстелдер мен адамдар отыратын орындықтарды қою қалды. Шарада қазақтың ұлттық ойындары ойналып, өнерлі тұрғындардың қатысуымен концерттік бағадарлама өткізіледі.

“Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, баспана тұрғындары жаңару мерекесіне қазірден қамданып жатыр. Бәйкен ата мен Самар апа дәл қазір ұлық мейрамда жайылатын дастарқанға керекті азық-түлік тізімін құруда. Қазыналы қариялар атаулы күнді аула ішінде тойлау – қыстан аман шыққан халықтың бір-бірімен көрісуіне мүмкіндік береді дейді. Оның үстіне жастарға мейрамның мәнін ұғындыруда тәрбиелік мәні зор екенін айтуда.

Бәйкен қажы Кәдірбайұлы – қала тұрғыны:


– Наурызды әрбір аулада өткізу туралы жаңалықты біздің аула халықтары жақсы қуанышпен қарсы алды. Өйткені, халықтар осы мейрамды көктем мейрамын жыл сайын аса сағынышпен тосады. Өйткені, бұл көктем мейрамы наурыз мейрамының мәнін қазір бүкіл қазақстандықтар түсінуге айналды. Осы жиында біз осының мағынасын түсіне алмай жүргендерге түсіндіреміз.

Барлығы шығыс халқының байырғы мейрамын тойлауға Жуков көшесі 23, 1″а”, “б” және Болатбаев көшесі 32 мекен-жайында орналасқан баспананың 1000-ға тарта тұрғыны ат салыспақ.

 

Бахыт Садвокасов