Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері облыс бойынша заңсыз айналымнан 53 келі есірткі заты тәркіленген

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ақпарат расталған. Осыған дейін басы істі болған шаһар тұрғыны бұл жолы 49 келі марихуананы жалдамалы пәтерлердің бірінде саудалау кезінде құрықталып отыр.

Дамир Эрик – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:


– 1985 жылы туылған қала тұрғыны тұтқындалды. Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Дәл осы кезде басқарма қызметкерлері героинді өткізіп жатқан жерінде 7 адамнан құрылған топты да қолға түсірді. Тінту жұмыстары күдіктілердің тұрғылықты мекен-жайында жүргізілген.

Дамир Эрик – СҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:

 

– Іздестіру шарасының барысында 200 грамм героин есірткісі табылып, тәркіленді. Қазір осы іске қатысты да тергеу амалдары басталды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 297 бабы, 3 бөліміне сәйкес арам жолмен пайда тапқысы келгендердің мүлкі тәркіленіп, әрбірі 10-нан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Барлығы өңір аумағында жыл басынан заңсыз айналымнан 53 келі түрлі есірткі заты алынса, соның 220 граммын героин құраған.

Бақыт Сәдуақасов