Энергетика

Өңір кәсіпкерлеріне 40 млн теңгеден аса ақша қайтарылды

Нәтижесінде мұндай тарифпен төлем жасау кәсіпкерлердің қалтасына салмақ салған. Салдарынан шағын бизнес өкілдерінің шығыны көбейіп, шығарылатын өнімнің өзіндік құнының өсуіне әсер еткен. Бір қызығы,«Севказэнергосбыт» серіктестігі қате төлемді барлық іскер азаматтарға бірдей жүргізбепті.
Монополияға қарсы құрылым өкілдеріне бизнесмендердің мүдделерін қорғау жөнінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы жүгінген екен. Ақпанның 14-і күні аталған компанияға ҚР бәсекелестікті қорғау туралы заңының бұзылғандығы жайында ескерту жолданды.

Наталья Шаяхметова – Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

 


–  Ескерту бойынша «Севказэнергосбыт» ЖШС олқылықты 10 күннің ішінде түзеуі тиіс болатын. Яғни, аталған кәсіпорын құқықтарына нұқсан келтірілген заңды тұлғалармен есеп айырысу керек. Наурыздың 1-і күні серіктестік департаментке 903 жеке кәсіпкерге ақшаларының қайтарылғандығы жөнінде хабарлама жасады. Іскер азаматтарға 40 млн теңгеден аса қаражат қайтарылды.

Култанов Байболат