Мәдениет

Елбасының Қазақстан халқына арнап жазған “Тәуелсіздің дәуірі” атты кітабы қызу талқылануда

Туынды еліміздің егемендік алғалы көрген ауыртпашылықтарын қамтиды. «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбек 4 бөлім, яғни Тәуелсіз Қазақстанның 4 тарихи кезеңінен тұрады. 2017 жылы жарыққа шыққан кітаппен бүгінде теріскейліктер де танысуда. Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Екатерина Ильина бұл туындыны егжей-тегжейлі зерттепті. Енді, алған әсерімен жастармен бөлісуде.

Екатерина Ильина – Қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:


– Біз Қазақстанның Кеңес үкіметінен бөлініп, жеке дара мемлекет ретінде аяққа нық тұруын өз көзімізбен көрдік. Жаз кезімізде шет елдерге барғанда, біздің Отанымызды ешкім білмейтін. Ал, тәуелсіздікке қол жеткізіп, мемлекетіміздің хал-ахуалын жақсартқаннан кейін бізді барша әлем таниды деп айта аламын. Бұл Елбасының салиқалы саясатының арқасы екені айдан- анық. Жалпы, егемен Қазақстанның тарихы мен көрген қиын-қыстау кезеңдері, жетістіктері – осының барлығы кітаптан көрініс тапқан.


Аға буын өкілдері еңбекпен ең алдымен өскелең ұрпақ танысуы қажет дейді. Себебі, жастар жағы елімізге түскен ауыртпалық пен оны қайыспай көтерген жандарды білген жөн. Сондықтан да, Иван Шухов атындағы кітапхана қызметкерлері мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған конференциялар өткізуде. Ардагерлер кеңесінен бөлек, шараға Нұр Отан партиясының мүшелері де қатысты.

Татьяна Сарычева – И.Шухов атындағы қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы:

 

– Біздің кітапхана қорында Елбасы Н.Назарбаевтың жеке туындылары мен президентімізге арналған барлық еңбектер бар. Ал, өткен жылы бұл қатарға «Тәуелсіздік дәуірі» қосылды. Алдағы уақытта да осындай кездесулер ұйымдастырып, оқушылар мен студенттерді аталған кітаппен таныстыратын боламыз.

Жалпы, кітапхананың кез-келген оқырманы Ұлт көшбасшысының халыққа арнап жазған соңғы еңбегімен таныса алады.

Эльмира Садвокасова