Құқық қорғау органдары

Учаскелік полицейлер есеп беруде

Жиында ең алдымен қылмыстарды ашу мен олардың алдын-алу бағытында атқарлып жатқан жұмыстар сөз болды. Былтыр Дубровный елді мекенінде 9 бейне бақылау камерасы орнатылыпты. Округ бойынша барлығы 21 әкімшілік хаттама толтырылған. Заңсыз әрекеттердің басым көпшілігі қоғамдық орындарда ішімдік ішетіндер мен отбасы шырқын бұзатындардың үлесіне келеді. Сондай-ақ, жиын барысында СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов “Елбасының бес әлеуметтік бағдарламасына” тоқталды. Ал, шара соңында өңірдің бас полицейі жергілікті тұрғындарды қабылдады.

Тогжан Акмагамбетова