Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО демократиялық күштері коалициясының отырысы өтті

Сондай-ақ, жаңа жатақханалар тұрғызуды міндеттеді. Бұл жаңалық қоғамдық ұйым өкілдерін де бей-жай қалдырмаған.

Ақатжан Арықов – СҚО “Чернобыль одағы” мүгедектер ҚБ төрағасының орынбасары:


– Жастарға мемлекет барлық жағдай жасауда. Олар тек ерінбей жұмыс істеу керек.

СҚО демократиялық күштері коалициясының отырысында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мемлекет басшысының өзге бастамаларын да талдады.

Болат Данияров – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:

– Біз нұротандықтар өз тарпымыздан мемлекеттік бағдарламалардың мерзімінде дұрыс орындалуын, қаражаттың мақсатымен игерілуін қадағалайтын боламыз.

Келесі жылдан бастап жалақысы төмен қазақстандықтар үшін салық жүктемесі 10 есеге төмендейтіні де жерлестерімізді қуантпай қоймаған. Бұған қоса кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін тұрғындарға берілетін шағын несиелердің де саны артпақ. СҚО демократиялық күштері коалициясының отырысына қатысқандар ендігі кезекте бұл бастамаларды жүзеге асыруға күш салатындарын айтады.

 

Берік Қасен