Мәдениет

Қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың 105 жылдығына орай кітаптар көрмесі ұйымдастырылды

Дарын иесі қысқа ғана ғұмырында жүзге жуық музыкалық шығармаларды өмірге әкелген. Музыка әлеміне деген ынта-жігері 23 жасынан байқалған талапты жастың қабілетін, Ахмет Жұбанов, Құрманбек Жандарбеков сынды еліміздің өнер майталмандары аңғарып, демеу берген. Кейін ол Мәскеу консерваториясына оқуға түсіп, композиторлық шеберлігін шыңдай түсті. Өмірінің саналы бөлігін композитор – баршасына белгілі “Тос, мені тос”, “Кестелі орамал”, “Мен сүйемін” атты танымал әндерді жарыққа шығарыпты. Ән өнерінде өшпес із қалдырған тұлғаның өмірі жайлы және оның шығармашылығымен жерлестеріміз Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханасында таныса алады.

Ләззат Жолаушинова – С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының бас кітапханашысы:


– Осы кітап көрмесінде шығармалар, кітаптар қойылған. Ол кісі әлемге әйгілі композитор. Қазіргі уақытта қазақ өлкесінде өмірден өтсе де, өзінің бай мұрасын қалдырып кеткен, классикалық шығарма авторларын насихаттау – жастар үшін өте маңызды. Бұрынғы ұрпақ ол кісіні біледі, қазіргі жастар аса біле бермейді.


 

Бахыт Садвокасов