Қоғам

“Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясында жастар жалғызбасты қарттарға үй шаруасында қол ұшын берді

Сондықтан, жерлесіміз бүгінде жалғыз тұрады.
Зейнеткерге әсіресе қыс және көктем мезгілдерінде жүріп тұру қиын. Жақында есік алдына мұз қатып қалып, кейуана үйінен шыға алмай қалыпты. Көмекке әдеттегідей “Жас Отан” ЖҚ белсенділері келіп, “Ардагерлерді ардақтайық” акциясы аясында әжейге үй шаруасында қол ұшын берді. Солардың қатарында Ерсұлтан Ергешбаев те бар. Ол қазыналы қарттарға қашан да қолқабыс етуге әзірмін дейді.

Ерсұлтан Ергешбаев – “Жас Отан” ЖҚ белсендісі:


– Қарияларға көмек көрсету біздің парызымыз. Мен аға буын өкілдеріне қашан да көмектесуге әзірмін.

“Жас Отан” ЖҚ белсенділері үйдің ауласындағы мұзды омырып, көшеге қарай шығарды. Баспананың төбесіне жиналып қалған қарды да түсірді. Аталған істерді тындырғанан кейін жастар Сәлтай әженің батасын алды.

Сәлтай Өмірзақова – тыл еңбеккері:


– Қазіргі жастар жақсы. Үнемі келіп қалымды біліп тұрады. наурыздың 8 концетрке билет алып келіп берді. Осының өзі маған үлкен қуаныш сыйлады.

Жыл басынан бері “Жас Отан” ЖҚ белсенділері 30-ға жуық қарияға үй шаруасында қол ұшын беріпті.

Абылайхан Қайролла – “Жас Отан” ЖҚ төрағасы:


– Қарттарға отын жарып бердік. Үйлерінің шатырлары мен терезелерін жөндедік.

Жастар жеңіс мерекесі қарсаңында өңірдегі өзге қарттарға да көмектесуді жоспарлап отыр.

Берік Қасен