Қоғам

Курстасын жазым еткен курсант 11 жылға темір торға тоғытылды

Қайтыс болған Ғалымжан Тұрсын 19-да, айыпты Фархат Тілектесов те сол жылғы. Оңтүстік Қазақстан облысынан оқуға келген 2 жас бір топта оқып келген. Қос сарбаз арасындағы сөзге келіспеушілік асханада орын алса керек. Осылайша болашақ офицерлер әскери жарғы ережелерін аттап өтіп, төбелесіп қалған. Сот барысында Тілектесовтың әскердегі жолдасына пышақ сұққаны дәлелденген. Осылайша ол 11 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі жоғары түзету мекемесінде өтейтін болады. Тергеу барысында текетіреске тағы 3 курсанттың қатысы барлығы анықталған. Алайда, олар 4 пен 5 жарым жылға шартты түрде сотталды.

 

Бахыт Садвокасов