Спорт

12-ші паралимпиада ойындарында жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетуде

Шаңғы жарысында екі жерлесіміз бағын сынады. 12 шақырымға жүгіруден мәре сызығын Александр Герлиц 6-шы, Сергей Усольцев 11-ші болып кесті. Еске сала кетейік, Александр Герлиц наурыздың 12-сінде 20 километрге де шаңғымен жүгіруде 4-ші болып келген. Осылайша теріскейлік 1994 жылдан бері бір жаңармаған отандық паралимпиада құрамасының нәтижесін жақсатты. Осы үшін теріскейлік спортшы мемлекетен 30 мың АҚШ доллар сыйлық ақы тағайындалды.

Берік Қасен