Құқық қорғау органдары

Өңір тәртіп сақшылары өз жұмыстарында планшеттерді қолдануда

Оқиға орнында мәліметтерді планшетке енгізіп, құжатты принтерден шығарып, заңбұзушының қолына ұстатады. Бұған дейін жарты сағатқа созылатын бұл үрдіс бүгінде үш минутқа дейін қысқарған. Осылайша, заңбұзушының көзінше толтырылған хаттама автоматты түрде деректер қорына түседі. Өйткені, планшеттер интернетке қосылған.

Шамшиден Акышов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

 


– Өткен жылы инспекторларға 2, биыл 7 планшет берілді. Бұл құрылғылар тәртіп сақшыларының жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр.

Мобильдік құрылғының көмегімен құқық қорғау органдарының базасындағы мәліметтерді де қарауға болады. Жыл басынан бері инспекторлар заңбұзушыларға қатысты 281 хаттаманы осы планшеттерді қолданып толтырған. Араларында өз кінәларын мойындамағандар да бар. Бұл жағдайда тәртіп сақшылары заң актілерін түсіндіреді.

– Здесь все базы, законодательные акты, любой подзаконный акт можно в онлайн-режиме открыть, через интернет, показать, любой водитель может ознакомиться.

Сандық технологиялар тәртіп сақшыларының уақытын үнемдейді, екіншіден, жемқорлықты болдырмауға септеседі дейді полицейлердің өздері.

Берік Қасен