Спорт

Жерлес пара шаңғышы Александр Герлиц Қысқы Паралимпиада ойындарында 4-ші орынға ие болды

Теріскейлік пара шаңғышы 20 шақырымдық қашықтықты бағындыруда жеңімпаздан 3 минутқа қалып қойған. Александр Герлиц 3 жылдан астам уақыт бойы “Үміт” спорт клубында дайындалып келеді. Осы аралықта ол бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанып үлгерген. Жалпы Қысқы Параолимпиада ойындарында пара шаңғышылар жарысы мен пара биатлоннан ел намысын 6 спортшы қорғаса, соның 3-і – солтүстікқазақстандықтар.

Вячеслав Латышев – “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры:

–  Бұл Қазақстанның тарихында бұрын-соңды тіркелмеген оқиға. Біздің спортшымыз мәреге 4-ші болып жетті. Қола жүлде алатын мүмкіндік болған еді, бірақ қарсыласы француздық спортшы одан басым түсті. Александр Герлиц тағы 2 жарысқа қатысады. Жерлесімізге сол сайыстарда сәттілік тілейміз.

Молдир Макишева