Спорт

Ширек-финал аясындағы 5-ші кездесуде “Құлагер” ХК атыраулық “Бейбарыс”-ты тізе бүктірді

Алайда, бұл жеңіс теріскейлік хоккейшілерге оңайлықпен келмеді. Алғашқы кезеңнің 9-шы минутында атыраулықтар суырылып алға шықты. Дегенмен, араға 6 минут салып құлагерлік Валерий Садиков есепті теңестірді. Таблодағы сандар үшінші кезеңнің соңына дейін өзгеріссіз тұрды. Ал, ойынның соңына 10 минут қалғанда Константин Чеботаев қарсылас қақпасынан саңылау тауып, есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша теріскейлік имек таяқ шеберлері атыраулықтардан үшінші мәрте басым түсті. Төртінші жеңіс жергілікті құраманы жартылай финалға шығармақ. Қос құрама арасындағы алтыншы матч бүгін сағат 19:00-де, Спорт сарайында өтеді.

 

Саят Ермек