Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК премьер-лигадағы алғашқы кездесуінде алматылық “Қайрат”-тан жеңіліс тапты

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ турнир дебютанттары азуын көрсетті. 26-шы минутта қызылжарлық ойыншы БратИслав ПуношевАц ерекшеленіп, құраманы алға шығарды. 0:1 есебі кездесудің 80-ші минутына дейін сақталды. Дегенмен, ойынның соңына 10 минут қалғанда қызылжарлықтар ережені бұзып, алаң иелері орындаған айып соққысы таблодағы есепті теңестірді. Гол авторы – Исаэл Барбоза. Ал, кездесудің 87-минутында “Қайрат”-тың жұлдызды ойыншысы Андрей Аршавин есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша, “Қызыл-Жар” ФК премьер-лигадағы алғашқы кездесуін жеңіліспен аяқтады.

 

Саят Ермек