Құқық қорғау органдары

Өңірдің тәртіп сақшылары нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтады

Шен таққандар темір тұлпар тізгіндеген қыз-келіншектерді халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, оларға гүл, ашық хаттар және жол қауіпсіздік ережелері жазылған кітапшалар таратты. Сондай-ақ, демалыс күндері егде жастан асқан жаяу жүргіншілер де басты назарда болды. Полиция өкілдері кейуаналарға жолдың арғы бетіне өтуге көмектесті.

Шамшиден Акышов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– Әйелдерге, балалар мен кейуаналарға жол қауіпсіздік ережелерін түсіндірдік. Жалпы біз осындай алдын алу шаралырн жай күндері де өткізіп тұрамыз.

Берик Касен