Ауыл шаруашылығы

Көктемгі дала жұмыстарына арзан несие берілуде

Біразы ауыл шаруашылығы техникаларын сайлап, маңызды науқанға жетпеген қаражатты мемлекеттен қарызға алуда. Солардың бірі – “Большемалышенское” ЖШС. Агроқұрылым директоры Ерғали Ғабдулин заемды қайда жарататынын ойластырып қойға. Жер емген шаруа арпа және бидай тұқымдарын алмастырып, оларды жалпы аумағы 2 400 гектарға сіңірмекші.

Ерғали Ғабдулин – “Большемалышенское” ЖШС басшысы, Қызылжар ауданы:


– “Кең дала” бағдарламасы аясында жылдық 4 пайыз мөлшерлемесімен 13 млн теңге несие алдым. Ол қаражатқа тұқым, жана- жағармай және техникаға қажетті саймандарды сатып алмақшымын. Мемлекет беретін заемның үстемеақысы төмен. Өте ыңғайлы. Берешекті осы жылдың желтоқсан айында қайтарамын.

Жыл басынан “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ облыстық филиалы диқандарға 8,9 млрд тенгенің несиесін берген.

Алмат Қожахметов – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ директоры:

– Биыл Аграрлық несие корпорациясы өңір аграрийлерінен жалпы құны 16,4 млрд теңгенің 100 өтінішін қабылдады. Осы күнге дейін соның 60-сына қарыз берілді. Сондай-ақ, қалған 36 кәсіпкердің өтініші мақұлданды. Алдағы уақытта оларға да арзан несие рәсімделетін болады.

Аграрлық несие корпорациясының жергілікті филиалының жетекшісі Алмат Қожахметов өтініштерді қабылдау науқаны одан әрі жалғасатынын айтып, тағы бір мәрте несие шарттарына тоқталып өтті.

Алмат Қожахметов – “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ СҚОФ директоры:


– Қарызды корпорациядан тікелей алғандарға заем жылдық 4 пайызбен беріледі. Бұл қызметті екінші деңгейлі банктер де ұсынады. Олар көктемгі-дала жұмыстарына несиені жылдық 5 пайыз мөлшерлемесімен рәсімдейді. Сондай-ақ, аудандарда қарызды несие серіктестіктері арқылы алуға мүмкіншілік бар. Заемшылар берешегін осы жылдың 1 жетоқсанына дейін қайтаруы тиіс.

Корпорация қорында ақша бар. Биыл қаржы институтына ел қазынасынан 60 млрд теңге бөлініпті. Болжамды есеп бойынша аталған сома 1,5 мың отандық шаруаның қажеттілігіне жетеді.

Берік Қасен