Аптадағы маңызды жаңалықтар

2019 жылы жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысы көбеймек

Алмат Измайлов – №1 боулинг-цорталығының бармен-есепшісі:


– Өңір тұрғындарының жалақысы республикалық орташа көрсеткішке жетпейді. Әсіресе, қызмет көрсету саласындағылар аз айлық алады. Келесі жылы олар үшін салық жүктемесі 10 есеге азайып, жалақы мөлшері өседі дейді. Бұл төмен табыс тауып жүргендер үшін жақсы қолдау деп есептеймін.

Айту керек, бүгінде жалақысы 60 мың теңгеден аспайтындардың саны ел көлемінде 2 млн-нан асады. Келесі жылы салық жүйесіне өзгерістер енгізілсе, осы санаттағы азаматтардың табысы артпақ.

Лилия Әбілева – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:


– Қазіргі салық заңнамасына сәйкес 28 284 теңге жалақы алатындар жеке табыс салығынан босатылған. Келесі жылы Елбасы тапсырмасына сай 60 125 теңге жалақы алатындар да жеңілдікке ие болады. Яғни, олар табыс салығы ретінде жалықысының 1 пайызын ғана мемлекетке аударады.

Осылайша, еліміздегі салық жүйесі жетілдірілуде. Тіпті президент өз үндеуінде табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуді тапсырды. Яғни, жұмыс басты азаматтың кірісі неғұрлым көп болса, одан салық та тиісінше ұсталатын болады. Мұндай салық салу жүйесі еуропа елдерінде қолданысқа енгізілген.

Берік Қасен