Қоғам

Петропавлда сұлулар байқауы өтті

Гүлбақша Мұсабаева бүгінгі арулар сайысына ақ матадан тігіліп, алтын ою, маржандармен безендірілген көйлек, қамзол және сәукеле киіп шықты. 48 жастағы нәзік жанды М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да болашақ заңгер мамандарын дайындайды. Сондай-ақ, 10 жылдан астам уақыт “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығының” жұмысына араласып жүр. Бүгіндері ол 2 қыз бен 1 ұлын тәрбиелейді. Байқауға белсенді нәзік жанды мықтап дайындалып келіпті.

Гүлбақша Мұсабаева – “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” ҚБ төрайымы:


– Біз үй тапсырмасына ұлттық тағамды дайындап келуіміз керек. Мен шұжық және қазыны турап, көкөністермен әдеміп табаққа салдым. Бауырсақ пен қымызда әкелдім.

Бүгін бикештердің әр қайсысы көркімен де, өнерімен де, қойылған сауалдарға берген жауаптарымен де әділ қазылар алқасының жүрегіне жол таба білуі керек.

Жалпы бүгінгі байқауда 9 нәзік жанды бағын сынады.

Алена Писаренко – әділ қазылар алқасының мүшесі:


– Бүгінгі байқауда біз жеңімпазды 9 критерий бойынша анықтаймыз. Ең алдымен қатысушылар өздерін бар қырларынан ашып, сахнада еркін ұстанағандарын қалаймыз” Өзге шарттарымыз да бар.

Сонымен, нәзік жандылардың барлығы түрлі кезеңдерден сүрінбей өтті. Дегенмен, сұлулардың арасынан үздігін таңдау керек.

Айта кетсек, бүгінгі байқауда бірде-бір сайыскер
назарсыз қалмады. Бикештерге түрлі титулдар тағайындалды, ал, бас жүлдеге Гүлбақша Мұсабаева лайық деп танылды.

 

Тогжан Акмагамбетова