Қоғам

Облыста ақпан айындағы инфляция көрсеткіші 1,7% жоғарылаған

Оған өткен айдағы азық-түлік тауарлары бағасының 2%, азық-түлік емес тауарлардың – 0,6%-ға көтерілуі себеп болған. Қыстың соңғы айында жеміс және көкөністер құны 4,5%, сүт тағамдары 3,1%, шұжық пен ет өнімдері 1,9%-ға, тоқаш пен ұннан әзірленген кондитерлік тауарлар 1,4%-ға жоғарылапты. Бағалар өсімі фармацевтикалық өнімдерді де айналып өтпей – ондағы тауарлар 1,6%-ға қымбаттаған. Ал күнделікті автокөлік жүргізушілері құятын бензин және дизель отынының құны – 0,7%-ға жоғарылады. Тұрғын-үй шаруашылығында да тарифтердің шарықтауы байқалған, атап өтсек электр қуаты – 5,1%, ыстық сумен жабдықтау құны – 5%-ға өсіпті. Тағы темір жол көліктерінің қызметі 7,1%-ға қымбаттаған.

 

Бахыт Садвокасов