Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Президенттің бес әлеуметтік бастамасы” атты халыққа үндеуі жарияланды

Алғашқы бастама – “Әрбір отбасының аз уақыт ішінде баспана алуына жаңа мүмкіндік туғызуды” көздейді. Былтыр елімізде 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Дегенмен, әлі де отбасын құрған қазақстандықтардың біррталайы жеке тұрғын үйіне қол жеткізе алмай жүр деді елбасы. Баспананы несиеге рәсімдеген күннің өзінде, оның жылдық мөлшерлемесі мен алғашқы жарнасы тым жоғары. Сондықтан, бұдан былай әр жанұя 20 пайыз көлеміндегі алғашқы жарнасын жинай салысымен, 7 пайызбен несие ресімдей алады. Сондай-ақ ұлт көшбасшысының ауқымды бағдарламасы “жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студенттерді жатақханамен қамтуға” да ерекше серпін бермек. Осы орайда, президент тапсырмасына сай, жыл сайын еліміздің жоғарғы оқу орындарына бөлінетін 54 мың грантқа 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант беру көзделген. Тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттардың 11 мыңы техникалық мамандықтарды таңдайтын студенттерге қарастырлады.

Асылхан Амержан – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 1 курс студенті:

 

Ұтымды бағдарламалардың бірі деп есептеймін. Құжатта қарапайым тұрғындардың тұрғын үй алудың тың тетіктері қарастырылған. Өйткені қазіргі кезде көп отбасылар баспананы жалдап тұруға мәжбүр

Ержан Әлжанов – Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектебінің физика пәні мұғалімі:

 


Қосымша гранттардың артуы – жастарға, әсіресе мектеп бітіруші түлектерге қалаған мамандықтарына түсулеріне мүмкіндік беріп отыр. Менің достарымның көбісі жатақханада орындардың аздығына байланысты пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

Бахыт Садвокасов