Мәдениет

Петропавлда проваслав кітабы күніне орай көрме ашылды

Валентина Махиня – Петропавл және Булаев епархиясының музей кітапханашысы:


–  Мен мұнда 1745 жылы жарық көрген “Қызметтік Евангелия” кітабын әкелдім. Ол сонау императрица Елазавета Петровна кезінде баспаханадан шығарылған екен. Көне жәдігер жақсы сақталыпты. Мұқабасы ағаш пен былғарыдан жасалған. Кітап бұрындары мәскеулік Поповтар және Грячевтар отбасыларының иелігінде болыпты.

Жалпы мұнда 100-ден астам түрлі экспонат келушілер назарына ұсынылған. Көрмеде кітаптардан бөлек, ағаштан, моншақтан және басқа да материалдардан жасалған ерекше иконалар бар. Діни жоралғыларды жасауға болатын құрал-жабдықтар да осы жерден табылған.

Отец Сергий – Петропавл және Булаев епархиясының хатшысы:


–  Петропавл және Булаев епархиясының музейі 2 жыл бұрын ашылған болатын. Сондан бері жәдігерлер қоры толығып келеді. Көпшілік назарына ұсынылған заттарды жерлестеріміз кез-келген уақыт тамашалап, христиан дінінің тарихымен толыққанды танысуға мүмкіндік алады.

Көрме сәуірдің 8-іне дейін жалғаспақ.

 

Тогжан Акмагамбетова