Балалар

Оркестрлер шеруіне дайындық басталды

Қазір 8-ші жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушылары да шеруге дайындық үстінде. Жеткіншектер түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, музыка ырғағымен қимыл-қозғалыстарын пысықтап жатыр. Мектеп оқушылары шараға әзірліктерін қыркүйек айынан бастап кеткен екен. Олар бұл шеруге былтыр да ат салысыпты. Жалпы маусымның 1-інде балалар мен жасөспірімдердің музыкалық ансамбль шеруі әр өңірде өтеді.

Жанар Есқақова – Петропавл қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– Оркестрлер шеруіне қатысатын балалар мен жеткіншектер 1-ші маусым күні қала көшелерін аралап өтеді. Бұл шеруге қалалық мектептерден 800 оқушы қатыспақ. Шараның мақсаты – балалардың музыкалық деңгейін арттыру болып табылады. Қатысушылардың барлығы дайындықтарын жарты жыл бұрын бастады.

Молдир Макишева