Құқық қорғау органдары

Кәмелеттік жасқа толмаған 14 бала алкогольдік ішімдікті ішіп жатқан жерінде ұсталды

Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында теріскейлік полицейлер жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Тәртіп сақшылары өскелең ұрпақты зиянды әуестіктерден аулақ ұстау үшін оларды спортқа тарту керектігін баса айтуда. Бұл құқық бұзушылықтарды біршама төмендетуге септеспек. Сондай-ақ, өзге тексеріс жұмыстары да жалғасатын болады.

Сайран Сәркенов, СҚО ІІД ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы:


– Алдағы уақытта жастар ұйымдарымен бірге жұмыс жасаймыз. Осылайша, полицейлер жастармен бірге қала аумағында түрлі рейдтік шаралар ұйымдастырып, олардың қатарластарына түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Тогжан Акмагамбетова