Білім

Петропавлда балабақша қызметкерлеріне арналған республикалық семинар өтуде

Шара барысында 40-қа тарта жанға “Рухани жаңғыру” бағдарламасы басқармасының орталық офисі “Тәрбие отбасы” жобасының жетекшісі Елена Дмитриенко алдымен саяси мақала жайлы әңгімеледі. Әсіресе, мейман балабақшадағы ұл-қыздардың бойында ұлттық сананы ояту жайына тоқталды. Оның сөзінше еліміздегі барлық бөбекжай тәрбиеленушілеріне ұмылып бара жатқан салт-дәстүр, ырым-тыйымдар айтылуы тиіс. Сонда өскелең ұрпақ кішкентайынан тарихын, әдебиетін біліп ер жетеді. Бұл бағыттағы шаруаны қаламыздағы “Ашық аспан” балабақшасы былтырдан қолға алған. Аталған мекемеде қазақ халқының бұрышы бар. Ол жерде балалар ұлттық аспаптармен және киім-кешекпен таныса алады. Одан бөлек сабақ барысында да мол ақпаратты бойларына сіңіруде.

Айнаш Қасымова – “Ашық аспан” балабақшасының қазақ тілі мұғалімі:


–  Балаларға сабақ барысында жаңылтпаштарды, ертегілерді, мақал мәтелдер мен аңыздарды ойын арқылы жеткіземіз. Балалар бірден қабылдап алады. Оларға өте қызықты.


 

Байболат  Култанов