ТЖ

Қала аумақтарын қамыстан тазарту жұмыстары басталды

Асхат Рамазанов – Петропавл қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:

– Үстіміздегі жылы қамыстан 418 мың шаршы метр жерді тазарту жоспарланып отыр. Бұл істі ауа райының қолайлылығына байланысты ақпан айынан бастадық. Осы уақытта 1,5 мың шаршы метрге жуық аумақ шабылды. Жалпы қамысты ору жұмыстары “Петропавл – Коммунхоз” ЖШС-мен жасалған келісімшарттың негізінде жүзеге асырылуда.

Қамысты жаз мезгілінде шабу қиынға соқпақ. Өйткені, лайлы су мен шалшық жерлер жұмысқа кедергі келтіреді. Оның үстіне, жазғұтырым келісімен, өрт оқиғалары жиілейді. Бұл уақытта құрғақ шөп пен қамыстан от шығу қаупі де артады. Сондықтан, қамыстан тазарту жұмыстарын қыс кезінде жүргізген тиімді дейді мамандар.

Владимир Хутинаев – Петропавл қалалық ТЖБ басшысының міндетін атқарушы:

– Қамысты жерлерде қауіпсіздік ережелерін сақтамау өрт оқиғасына әкеліп соғады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қамысты жазғы уақытқа дейін шауып тастаған жөн. Бүгінде қамыс көп өсетін аумақтар анықталып, карта жасалды. Енді сол жерлерде аталмыш өсімдіктерді жою жұмыстары жүргізіледі. Қала бойынша өрт қауіпін тудыратын 20-ға жуық аумақ бар.

– Өткен жылы қамысты жерлерде 300-ге жуық өрт оқиғасы орын алған. Қызыл жалын шарпыған аудан көшін береке ықшам ауданы, капай және жұмысшы кенті бастап тұр.

Молдир Макишева