Мәдениет

Өңір колледждері студенттерінің арасында Мағжан оқулары өтті

Жаңылай Түменбай – Айыртау аудандық агротехникалық колледжінің студенті:

– Мен мағжан поэзиясымен жақсы таныспын. Оның өлеңдерінен қуат алам. Әділқазылардың көңілінен шығып, 1-ші орын аламын деген сенімдемін.

Жыр мүшайрасына жиналған студенттердің алғашқы легі Жұмабаев жырларын жатқа айтты, ал ақынжанды жеткіншектер Мағжанға жазған арнауларын оқыды, күміс көмейлер болса жыр алыбының өлеңдерін әнге салып шырқады. Үміткерлердің саны жалпы саны 44.

Зарина Ахметова – СҚО білім басқармасының әдіскері:

– Мақсаты – студенттер арасында Мағжан шығармашылығын дәріптеу, ақындыққа жақын, қабілеті бар жастарды анықтау.

Мүшайра дәстүрлі, десе де биылғы байқау өзгелерден ерекше – ақынның 125 жылдығына арналған.

 

Саят Ермек