Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясына – 19 жыл

Артур Молдағұлов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Баршаңызды «Нұр Отан» партиясының 19 жылдығымен құттықтаймын! Осы жылдар ішінде партия өзінің қалыптасу және даму жолынан өтті. Құрылған алғашқы күннен бастап «Нұр Отан» билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналып, игі істердің ұйытқысы бола білді. Партия – халықтың қызметшісі, Елбасының көмекшісі. Соның нәтижесінде ел сеніміне ие. Партиямыздың қол жеткізген жетістіктері оның әр мүшесінің тындырған қырауар жұмысымен байланысты.

Шыныменде партияның қатарында өңір дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан жандар молынан. Олар – мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорын жұмысшылары, жастар. Ұзын саны – 44 мың солтүстікқазақстандық. Бүгін оның қатары тағы 150 нұротандықпен толықты. Солардың 10-ына билеттер «Нұр отан» партиясының ғимаратында салтанатты түрде табысталды.

Партия қатарына кірген жандарды, аға буын өкілдері құттықтап, өздерінің ізгі тілектерін білдірді. Ал Нұр Отан қатарында талай жыл еңбек етіп жүргендер өз кезегінде марапаттарға ие болды. Сондайлардың бірі – Владимир Зарубин. Ол жетекші партияға ұйым құрылған уақыттан бері мүшелік етеді.

Владимир Зарубин – «Петропавл ауыр машинат жасау зауыты» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы:

– Біздің зауыт темір жол, мұнай, газ саласына қажетті құрылғыларды даярлайды. Ол ежелден өңірдегі іргелі кәсіпорындардың қатарында. Сондықтан партия құрылған жылдары біздің бастауыш ұйым ең ірі болып саналатын. Ол кезде жұмысшылар да көп болды. Қазір сол деңгейге қайта жеткізуге тырысып жатырмыз. Бүгінде 57 зауыт жұмысшысы Нұр Отан партиясының мүшесі. Олар белгілікті бір жетістікке жеткен, лайықты адамдар.

Қазіргі таңда өңірде партияның осындай 381 бастауыш ұйымы жұмыс істейді.

 

Магжан Ахмадина