Қоғам

Бәйтерек ауылында Алғыс айту мерекесі тойланды

Арғын Есенгелді – Бәйтерек орта мектебінің оқушысы, Қызылжар ауданы:

– 1 наурыз күнімен құттықтаймын. Мерекеге келгеніме қуаныштымын. Біз қазір балалармен тоғызқұмалақ ойнап жатырмыз.

Жанымхан ақсақал мен Калок әжей Қызылжар ауданының Бәйтерек ауылына 6 ұл-қызымен Моңғолияның Баян-Өлгей өлкесінен 2010-шы жылы қоныс аударған. Қазыналы қарттарымыз бүгінде елді-мекенннің тыныс-тіршілігіне белсенді араласып жүрген жандар. Ауыл тұрғыны қандарстарының қонақжайлығы мен бауырмалдығына шексіз алғысын білдірді.

Жанымхан Біләл – Бәйтерек ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Шама-шарқымызша Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Халқымызға бірлік-береке тілеймін. Ұлттар арасындағы достығымыз берік болсын.

Алғыс айту күніне арналған шара облыстық “Тамыр” мәдени-ағарту орталығы” ҚБ ұйытқы болуымен ұйымдастырылыпты.

Сәлкен Сұлтанов – “Тамыр” мәдени-ағарту орталығы” ҚБ төрағасы:

– Бәйтерек ауылына Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мемлекеттерінен қандастарымыз көшіп келді. Ризашылық күні тұрғындарға концерттік бағдарлама мен түрлі ойындар ұйымдастырдық.

Ауқымды мерекеде ауыл тұрғындары мен қонақтары әр ұлттың тағамдарынан дәм татып, үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

Бахыт Садвакасов