Қоғам

Журналистер өз ізбасарларымен кездесті

Аяулым Айдарова – №32 орта мектебінің оқушысы:

– Менің пресс-клубқа барып жүргеніме 2 жылдай болды. Болашақта журналист болғым келеді.

Евгения Петрушева – №32 орта мектебінің оқушысы:

– Екі күнде бір рет мектептегі радиоға барып тұрамыз. Онда бізді тілші мамандығымен таныстырады. Журналист болу үшін белсенді, білімді әрі ынталы болған жөн.

Болашақта тілші не диктор боламын деген ұл-қыздардың армандарына жетуіне бүгінгі кездесу де сеп болмақ. Өңірімізде 2014 жылы пайда болған облыстық журналистер клубы енді балғындармен де бірлесіп жұмыс атқарамыз деп отыр.

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ жетекшісі:

– Мектеп оқушыларын жинап отырған себебіміз – оларды осындай пресс-орталықтарға тарту қажет. Балғындар мектеп жасынан бастап өз ойларын жеткізе білулері керек.

Жиында алдағы уақытта ұйымдастырылатын шаралар сөз болып, бірқатар жоспарлар құрылды.

 

Эльмира Садвокасова