Мәдениет

Есіл ауданының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Ескендір Нұрым – тыл еңбеккері, Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі:

– Бұрынғы кезде білім беру қазіргідей оңай болған жоқ. Сол қиындықтарға қарамай оқушыларға жоғары білім бердік. Қазір шәкірттерім түрлі салады еңбек етеді.

Шара барысында ардагерлерге арналып концерт қойылды. Сахнаға “Жерұйық”, “Движение” сынды жергілікті өнер ұжымдары шығып, қарттарға ән мен биден шашу шашты.

Жалпы, бүгінгі шара Есіл ауданының 90 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отыр. Жиынның басты мақсаты – қарттарды бір-бірімен кездестіріп, оларға ерекше көңіл-күй сыйлау.

Әдия Ахметова – СҚО ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Олар осында көшіп келгеннен кейін өздерін ешкімге керексізбіз деп санайды. Алайда бұл олай емес. Біз оларды шамамыз келгенше қамтып, осындай шаралар ұйымдастырып жатырмыз.

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда Есіл ауданында 4300-ден астам зейнеткер тұрады. Олардың 5-еуі ҰОС ардагерлері. Алдағы уақытта облыс орталығында өңіріміздің басқа да аудандарында туылған қарттардың кездесуі ұйымдастырылмақ.

 

Култанов Байболат