Спорт

“Құлагер” ХК 1/4 финалда атыраулық “Бейбарыс” құрамасымен күш сынасады

Қос команда 4 жеңіске дейін тартысқа түспек. Ұжымдардың алғашқы 2 ойыны наурыздың 3-і, 4-і күндері Петропавлда өтеді. Ал, үшінші, төртінші кездесу Жайық жағасында ұйымдастырылмақ. Бұл бәсекеде жеңімпаз анықталмаған жағдайда 5-ші және 6-шы матчтарды қызылжарлықтар қабылдайды. Осы ойындардың барлығында мерейі үстем құрама белгілі болмаса, жеңімпаз Атырау қаласында өтетін соңғы, 7-ші ойында анықталады.