МТРА жаңалықтары

Өңірімізде 276 кәсіпорын жұмыс жасауда

Кәсіпорындардың басым бөлігі Петропавл қаласында орналасқан. Өнім өндіру бойынша аудандар арасында тайыншалықтар көш бастап тұр. Бұл ретте Аққайың, Айыртау, Мағжан Жұмабаев аудандарын да атап кетуге болады. Былтыр аталған өлкелердегі серіктестіктерде 3 мың тонна тазартылмаған өсімдік майы шығарылған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. Оған қоса, 900 тонна сары май мен жарты мың тоннадай шұжық өнімдері саудаға жіберіліпті. Өңірдегі шағын машинажасау кәсіпорындары болса жалпы құны 2,6 млрд теңгенің тауарын өндірген. 1,6 млрд теңгенің техникасы ауыл және орман шаруашылығына арналып шығарылған.

 

Эльмира Садвокасова