Құқық қорғау органдары

«Қадағалау» жедел алдын алу шарасы

Түрмеден жақында босап шыққандар мен отбасының берекесін қашырып, ішімдік ішетіндер бүгіндері полицейлердің ерекше бақылауына алынған. Бұдан бөлек, өңірде ауыр не аса ауыр қылмыс жасап темір торға тоғытылып, одан шығып, кейін тағы қылмыс жасаған 20 шақты азамат бар. Олар да тәртіп сақшылардың қадағалауында.

Бейбіт Әлімжанов – Петропавл қалалық ІІБ 1-ші полиция бөлімі ЖПҚ бастығының орынбасары:

– Шараның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу. Тағы сотталғандардың қайтадан заңның ала жібін аттауын болдырмау. Біздер есепте тұрғандарды да қадағалаймыз. Ондайларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексереміз.

Шара барысында есепте тұрған 4 мыңнан астам адам тексерілді. Олардың 19-ы қойылған шектеуді бұзса, бұрын сотталғандардың 30-ы ережені ескермеген.

 

Магжан Ахмадина