Спорт

Петропавлда пауэрлифтингтен дәстүрлі қалалық біріншілік өтті

Ғалия Утягулова – “Гармония” спорт клубының мүшесі:

– Басында пауэрлифтингпен ермек ретінде шұғылданып жүрдім. Күнделікті жаттығулардың біріндегі құлшынысыма тәнті болған жолдасым қолдау көрсетіп, спортқа баули бастады. Міне, бүгін 130 келілік зілтемірді бағындыру маған қиынға соққан жоқ.

Нәзікжандылардың додасы қаншалықты қызықта болса, ерлер де зілтемірді көтеруден жүктелген тапсырманы асыра орындауға барын салды. Бірі бабы келіспей жарыс жолынан шет қалып жатса, келесілерінің асығы алшысынан түсті.

Ильяс Никонов – “Нептун” спорт клубының мүшесі:

– Пауэрлифтингке мықтап ден қойғаныма 5 жылдай болды. Бұған дейін тек 2-ші, 3-ші орындардан ғана көрініп жүрдім. Жаңа өз салмағымда 145 келілік зілтемірді көтеруге тапсырыс беріп, сол межеге қол жеткіздім.

Ұйымдастырушылар шаһарда пауэрлифтингтен дәстүрлі қалалық біріншіліктің ауқымы жыл өте кеңейіп келе жатқандығын айтады. Қара күш пен ептілікті қажет ететін жарысқа биыл өңір мен қаламыздың спорт клубтарынан ұзын-саны 10 команда түрлі салмақта қатысуға бел буған.

Руслан Далабаев – жарыстың бас төрешісі:

– Шараға облыс аудандарынан 2 команда келсе, қалған 9 құрама шаһарымыздағы фитнес-клубтардың белді 60 зілтеміршілерінен құралған. Әйелдер командасы “А” тобында, ал “Б” тобында жігіттер сынға түсуде. Осылайша әр құраманың ойыншылары өз салмақ дәрежесінде зілтемірді көтеруден сайысқа түседі. Жалпы жерлес пауэрлифтингшілеріміз республикалық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп жүр.

Аталмыш додада жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар алдағы сәуір айында пауэрлифтингтен ұйымдастырылатын ҚР ашық біріншілігіне жолдама ұтып алмақ.