Спорт

Теріскейлік биатлоншылар халықаралық жарыстан жүлделі оралды

Жүлделі 1-орынды жеңіп алған 16 жасар Арнаның спорттың бұл түрімен айналысып жүргеніне 5 жыл болған екен. Қысқа ғана уақыттың ішінде жасөспірім спорт шеберіне үміткер атағын қорғап үлгерді.

Арна Қасенова -Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:


– Біз бірінші орынды алу үшін барымызды салдық. Менің командамда 2 қыз, үш бала болды. Екеуі Новосібір облысынан болса, біреуі Алтай өлкесінен келген. Жеңіс тұғырына көтерілу қиынға соқты. Біраз қобалжыдық.

Ақпанның 13-і мен 20-ы аралығында өткен тартысты бәсекеде еліміз мен Ресейдің 500-ден астам биатлоншысы өзара мықтыны анықтасқан болатын. Жарыста 2 дүркін олимпиада чемпионы Анна Богалийдің кубогы үшін 2000-шы және 2008-ші жылы дүниеге келген ұл-қыздар таласты.

Игорь Ильин – биатлон спортынан облыс құрамасының бас жаттықтырушысы:


– Біз осы жарысқа 3-ші жыл қатарынан қатысып келеміз. Жылдан жылға нәтижеміз жақсаруда. Өңірдің биатлоншылары Шучинск қаласында наурыздың 7-і күні өтетін республикалық жарысқа аттануға дайындалып жатыр. Онда облыс намысын 20 спортшы қорғамақ.

Қазіргі таңда 100 шақты жерлесіміз биатлонмен шұғылданып жүр.

Тогжан Акмагамбетова