Балалар

((СҚО әкімі Құмар Ақсақалов ҚР тұңғыш Президенті қорының делегациясын қабылдады

Жиындарда негізінен жастар бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ мәдениет, ғылым және әлеуметтік салалардағы бірлескен жобаларды құру туралы әңгіме қозғалып келеді. Осы орайда облыс әкімі де қор өкілдеріне өз ұсынысын жеткізді. Құмар Ақсақалов Петропавлда мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беретін ресурстық орталық ашуға болатынын айтады.
Бұл мәселені дейін жергілікті ұстаздар есептік жиналыстарда көтерген болатын.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Облысымызда 27 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оларға да жағдайлар жасап, түрлі шаралар ұйымдастыру қажет. Осы жағынан қордан көмек сұраймын.

ҚР тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев бұл мәселені шешуге септесетіндігін жеткізді. Сонымен қатар қор өкілдері солтүстікқазақстандық дарынды балаларға және жастарға қолдау көрсетпекші. Былтыр қор қаражаты есебінен бірқатар белсенді отандасымыз шет елдерге барып, ІТ бағытындағы жобаларын қорғап келіпті.

Қанат Жұмабаев – ҚР тұңғыш Президенті- Елбасының қорының атқарушы директоры:

– Өткен жылы Елбасы қоры 140 бағларламаны жүзеге асырды. Біз адами капиталды дамытуға басымдық берудеміз. Осы орайда солтүстіктің жастары мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысса деген тілегім бар. Және осы шаруаға облыс әкімдігінің ықпалдасуын сұраймын. Теріскейде талантты, талапты ұрпақтар плеядасының қалыптасып келе жатқандығын көріп жүрмін.

Қанат Жұмабаев өскелең ұрпақтың бойындағы қарім-қабілетін ерте кезден байқап, оны мерзімінде дамытудың маңыздылығын айтты. Құмар Ақсақалов та мейманның сөзін қолдады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Облыс экономикасының келешегі машина жасау және ауыл шаруашлығы салаларында. Аталған секторларға сандық технологиялар енгізілуде. Осы орайда біз де нарық талаптарына сай келетін, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп шығу міндеті тұр. Бұл жетістікке біз бірігіп әрекерет етудің арқасында ғана қол жеткізе аламыз.


Сонымен қос тарап ғылым, өнер өзге де саладағы тың жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болып келісті.

Жиын соңында Елбасы қорының өкілдері С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұжымына 3 млн теңгенің сертификатын табыс етті. Бұл қаражатты кітапханашылар ІТ бөлмесін компьютерлермен жарақтауға жұмсамақшы.

Берік Қасен